Балабақша мен мектепте жаңа жылдық шараларға шектеу қойылғалы ақылы Аяз атаны үйіне шақыратындар көбейген.
Қазір мұндай қызмет ұсынушыларға кезек те көп, баға да қымбат. Аяз ата мен ақшақардың 20 минут құттықтап шығу бағасы 15 мың теңгеден басталады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
"Карантиндік шектеулерге байланысты балалар биыл да жаңа жылдық шарадан қағылды. Дегенмен, жағдайы бар ата-аналар үйлеріне ақшақар мен аяз ата жалдап, балаларының көңілін аулап жатыр. Ал мұндайды қалтасы көтермейтіндер, орталық алаңдағы шыршаны қызықтап, суретке түсумен ғана шектелуде", – дейді арна тілшісі Диана Сапар.
Балаларына ерекше шаттық сыйлағысы келетін ата-аналар үшін қазір жарнама сайтында аяз ата мен ақшақардың түр-түрі кездеседі. Үйіңізге тек 20 минутқа кіріп-шыққаны үшін ең кемі 15-20 мың теңге аралығында ақысын алады. Жалдамалы Аяз Ата болып табыс тауып жүрген Абзал Жаңбыр биыл ол тапсырыстан қолы босамай жатқанын айтады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар жаңа жылға қандай сыйлықтарды жиі береді?
"Аяз ата рөлін сомдау өте қызық. Балаларға шоу бағдарламалар әзірлейміз. Тапсырыс құны 15 мың теңгеден басталады. Кешкісін корпаративтерге жарты сағат немесе жиырма минут он бес мың теңгеден басталады. Сенбі, жексенбі күні жұмыс көп болады. 31 желтоқсан күні мүлде босамаймыз", – дейді ол.
Аяз ата қызметін ұсынушылар барлық карантиндік шараларды сақтауға тырысатынын айтады. Дегенмен, тапсырыс берушілердің көбі бұған назар аудармайды дейді. Себебі, олардан ПТР тесті мен екпе алғандығын растайтын паспортты талап еткен жан болмапты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
419
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
399
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
385
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
379
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
368
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
368
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
358
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
374
-
4
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
355
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
332
-
0
-
2
-