USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.35 / 5.47
Тікелей эфир
Алматы +4C
  • +4°C Алматы
  • -7°C Астана
  • +1°C Ақтау
  • -17°C Ақтөбе
  • -9°C Атырау
  • -5°C Балқаш
  • -6°C Жезқазған
  • -5°C Қарағанды
  • -9°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • +1°C Қызылорда
  • -12°C Павлодар
  • -14°C Петропавл
  • -12°C Семей
  • -3°C Талдықорған
  • +6°C Тараз
  • +6°C Түркістан
  • -13°C Орал
  • -9°C Өскемен
  • +6°C Шымкент
Алматы +4C
  • +4°C Алматы
  • -7°C Астана
  • +1°C Ақтау
  • -17°C Ақтөбе
  • -9°C Атырау
  • -5°C Балқаш
  • -6°C Жезқазған
  • -5°C Қарағанды
  • -9°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • +1°C Қызылорда
  • -12°C Павлодар
  • -14°C Петропавл
  • -12°C Семей
  • -3°C Талдықорған
  • +6°C Тараз
  • +6°C Түркістан
  • -13°C Орал
  • -9°C Өскемен
  • +6°C Шымкент

Жетісу облысындағы тұрғын үйлердің сапасы сын көтермей тұр

Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Жаңа үйдің жан-жағынан кедейдің шапанындай жел үрлеп, суық соғып тұр.

Жетісу облысында мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мәселен, былтыр ғана пайдалануға берілген үйлердің жылу және электр желілерінен ақау шыққан. Жауын жауса қабырғамыз су болады, аяз болса тереземіз мұз болады деген тұрғындар жауаптылар күнде ертеңмен мезі қылды деп отыр.

Баспананың жертөлесінен шатырына дейін шикілігі көп дейді көпшілік. Бұл "Құлагер" шағын ауданындағы үш көпқабатты үйдегі жағдай. Қасбеті жылтырап тұрған баспаналардың "сырты бүтін, іші түтін". Дәліздердегі электр сымдары балқып, есептеуіш құралдары жанып жатыр. Қызыл жалынның құрсауында қаламыз ба деп үреймен отырған тұрғындар мұнда өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған дейді.

Бұл баспана былтыр ғана берілген. Алайда жаңа үйдің жан-жағынан кедейдің шапанындай жел үрлеп, суық соғып тұр. Осында тұрып өсіп-өнеміз, көгеріп көктейміз деген пәтер иелерінің назары әзірше қабырғада ғана. Себебі, керегелері көгеріп жатыр.

Сонымен қатар жаңбыр жауса жертөле суға толып, жылу, су құбырлары жарылады дейді жұрт. Тұрғындар олқылықтың бәрін тізіп шенеуніктерге жүгінген. Әзірге нәтиже жоқ.

Бұл үйлерді тұрғындар ұзақ жыл кезекте тұрып, 2-5 пайыздық мөлшерлемемен ипотекаға рәсімдеген. Ал қалалық құрылыс бөліміндегілер баспаналарды бізге дейін жұмыс істеген мамандар қабылдап алған деп ат тондарын ала қашты. Соған қарамастан мәселенің шешу жолын қарастыруға уәде берді.

"Құрылыс кезінде қателіктер болған шығар. Қабылдаған адамдар дұрыс қабылдамаған шығар. Бізде қазір бәрі жаңа адамдар. Талаптарын мердігерлер келіп сөйлесуіміз керек. Бір шешімге келеміз деген үміттеміз", – деді Талдықорған қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Бекнұр Алиакбар.

Алайда, тұрғын үйдің сапасына көңілі толмаған тұрғындар құзырлы органдар тексеріс жүргізіп, құрылыс талаптары қаншалықты сақталғанын анықтасын деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары