Тікелей эфир

​"Желге ұшқан 84 миллион": Ақтөбенің орталық гүлзары бір-ақ жылда тозып кеткен

Қала тұрғындары бүгінде гүлзарда серуендеуге де қорқады.

Ақтөбеде былтыр ғана жаңартылған орталық гүлзардың бір жылға жетпей тоз-тозы шыққан. Демалыс орнын күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 84 миллион теңге жұмсалған, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Қала тұрғындарының айтуынша, соңғы рет жүргізілген құрылыс саябақтың сәнін кетіргенін: орындықтар қирап, шамдары жанбай қалған, төселген кеспе тастар да ойдым-ойдым күйде.

"Гүлзар өте қорқынышты жағдайда. Бұрын жиі баратынмын. Қазір ол жерге барып серуендеудің өзі өміріңе қауіпті. Қай жері құлап кетер екен деп ойлайсыз", – деді қала тұрғыны Диана Петрова.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 610 млн теңгеге салынған мектеп 2 ай оқуға ғана жарады


Жергілікті билік гүлзарды 2021 жылы 90 миллион теңгеге жуық ақшаға күрделі жөндеуден өткізген. Бірақ былтыр жазда саябаққа кіреберістегі арканың сырты опырылып, маңдайшадағы жазулары желге ұшып кеткен. Ал, субұрқақтар мен амфитеатрдағы орындықтар мүлде жөнделмей қалған. Шенеуніктердің айтуынша, сол кемшліктер былтыр жазда түзетілген.

"Мердігер мекемеге келісімшарт негізінде ешқандай шара қолдана алмаймыз. Өйткені келісімшарт бір жылға ғана жарамды. Ешкімнен сұрай алмаймыз. Себебі ауа райының себебінен, жел соқса, ағаштар құлап, сымдар үзілетін жағдайлар болып тұрады", – деді Ақтөбе қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Серік Дәулетов.

Арна тілшісінің хабарлауынша, былтыр саябақтағы субұрқақты жөндеуге 50 млн теңгедей қаржы бөлінген. Алайда ауа райын сылтауратып, сұбұрқақтың жұмысын жоспарлы түрде тапсырмаған жауапты мердігер қазір жауапқа тартылып жатыр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары