Жаңбыр, найзағай: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы 27 градусқа дейін жылынуы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына фронтальды учаскелер әсер етеді: найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы болады. 7 қазанда солтүстікте кей аудандарда ауа райы 1 градусқа дейін төмендейді, күндіз солтүстік жартысында 10-20 градус, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады.


Оқи отырыңыз: Астанада демалыс күндері Павлодар мен Абай облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз