Тікелей эфир

Астанада демалыс күндері Павлодар мен Абай облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алдағы демалыс күндері елордада ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті өңірлік жәрмеңкесі өтеді.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл жолы Астанаға өз өнімдерін Павлодар мен Абай облыстарының шаруалары жеткізеді.

Жәрмеңке сенбі, жексенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Шабыт өнер университетінің алдындағы алаңда өтеді.

Екі өңірден 40 түрлі жалпы көлемі 700 тоннаға жуық өнім жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Олардың арасында ет, сүт, шұжық, балық өнімдері, қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майы, жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар мен тағамдар және т.б. бар.


Оқи отырыңыз: Қазанның соңына дейін жалғасады: Астанадағы жәрмеңкеде қай өңірлер өз өнімін ұсынады?


Павлодар облысының атынан Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары, облыстың 10 ауылдық аудан қатысады.
Олар 350 млн теңгеден астам сомаға 560 тонна өнім, оның ішінде ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті), ет-сүт өнімдері, картоп, көкөністер, ұн, жарма, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер жеткізілетін болады.

Серіктестер жаңалықтары