Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылып, жаңбыр, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және қатты жел күтіледі. Кей аймақтарда ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
Түркістан облысы аумағында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанса, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысы мен Ақтөбе облысы аумақтарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Астана қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ пен шаңды дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Павлодар облысы аумақтарында да бұршақ, қатты жаңбыр және дауылды жел күтіледі.
Жетісу облысы өңірінде күндіз ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі. Талдықорған қаласында +35 градус ыстық күтіледі.
Абай облысы аумағында күндіз +35...+37 градусқа дейін ыстық болады. Семей қаласында ауа температурасы +35 градусқа дейін жетеді.
Алматы қаласында және Іле Алатауы аумағында күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Қонаев қаласында желдің екпіні 17–22 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Қызылорда және Өскемен қалаларында жоғары өрт қаупі сақталып отыр. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақтық шараларын күшейтуге шақырады.