Ауылдарға газ құбыры тартылғанымен, көгілдір отын әлі берілмеген.
31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасының хабарлауынша, Жамбыл облысының Жамбыл ауданында бес бірдей ауыл тұрғындары аудан басшылығына наразылығын білдірді. Айтуларынша, жергілікті әкімдік екі жылдан бері "көгілдір отын кіргізіп береміз" деген уәдесін орындай алмай келеді екен. Тіпті, былтыр көктемде газ құбырын тарту үшін әрбір үйден 140-200 мың теңгеден қаржы жинаған.
Алайда уәделі күн таяғанда ауыл тұрғындарына "қысқа отын қамдап, амалдай тұрыңдар" деп басу айтқан. Әкімдік уәдесіне сеніп, қысқа қамданып үлгермеген ауыл тұрғындары енді қымбатқа көмір сатып алып, жиде ағашын бұтап, соны отын етіп жылынуға мәжбүр.
"Басында 2020 жылы газ береді деп қуанғанбыз. Болмады. Былтырдан бері құбырды Асадан қалаға қарай тартқан. Соған қарап, биыл береді деп үміттеніп едік, ол да жоқ болды", – дейді Еңбек ауылының тұрғыны Бақытгүл Ниязәлиева.
Ауылдың тағы бір тұрғыны Гүлназ Айнақұлованың сөзінше, ауылдардың кішісі де, үлкені де жиде ағаштарын аралап, отын етіп жүр.
Оқи отырыңыз: Петропавлдың тең жартысы бес тәуліктен бері жөнді жылу ала алмай отыр
Ауыл тұрғындарымен кездесуге келген Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков жоба бойынша бұл ауылдарға газ 2021 жылы берілуі керектігін растады. Алайда қаржы жетіспеушілігіне байланысты жоба аяқсыз қалған.
"Жоба үлкен қаражатты қажет етеді. Республикалық бюджеттен 13 елдімекенге 4,5 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Ол қаржыны ауданның болмаса облыстың бюджеті көтере алмайды", – деді Нұрлан Несіпбеков.
Ол былтыр бітпей қалған жұмыстарды толық аяқтау үшін биыл республикалық бюджеттен 383 миллион теңге бөлінгенін айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
300
-
0
-
3
-
-
2👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
275
-
0
-
1
-
-
3🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
260
-
0
-
11
-
-
4🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
254
-
0
-
5
-
-
5👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
253
-
0
-
5
-
-
6🏙 Астанада халықаралық волонтерлік орталық ашылады
-
256
-
0
-
2
-
-
7😱 Назарбаевтың туыстарына тіл тигізгені үшін салынған айыппұлдар қылмыстық кодекстен алынып тасталады
-
260
-
1
-
11
-
-
8🇰🇿 Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінен сызылуы мүмкін
-
285
-
0
-
5
-
-
9🇰🇿 Қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады
-
284
-
0
-
2
-
-
10🔌 Жазда балалардың электр тоғымен зақымдануы жиілейді. Одан қалай сақтану керек?
-
319
-
0
-
4
-