Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталған Хасан Қасымбаев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті таратты.
"Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылдың 2 қарашасында Қасымбаев есімді азамат ұсталып, сот шешімімен 2 айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды", – делінген Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, 4 қарашада Алматы облысының полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын хабарлады. Полиция департаментінің мәліметінше, оған 3 жыл бұрын болған қылмыстық іске қатысты айып тағылуда. Қылмыстық іс 2021 жылы маусымда болған, ол адам денсаулығына ауыр зиян келтіру және адам ұрлаумен байланысты.
Оқи отырыңыз: Талғардағы Шерзаттың өлімі: Хасан Қасымбаев қамалды