Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1,7 мыңнан асты. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан 5 034 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Үш мыңнан астам зардап шегуші әлі күнге дейін ауруханаларда ем қабылдап жатыр.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, құтқарушылар бірнеше тәуліктен кейін де үйінді астынан тірі қалған адамдарды тауып жатыр. Соңғы құтқару жұмыстары барысында тоғыз айлық сәби мен оның анасы, сондай-ақ әке мен ұлы аман-есен шығарылған.
Хорхе Родригестің айтуынша, жер сілкінісі салдарынан 770-тен астам ғимарат қираған немесе зақымданған. Оның ішінде 189 нысан толықтай қираған. Жалпы алғанда, табиғи апат 2,5 мыңға жуық ғимаратқа зиян келтірген.
Сонымен қатар елде тағы бір табиғи апат болды. El Estimulo басылымының мәліметінше, елдің солтүстік-батысындағы Португеса штатында бірнеше сағатқа созылған нөсер жауыннан кейін ірі су тасқыны басталған. Соның салдарынан бірнеше қала сыртқы әлеммен байланыссыз қалып, көптеген ғимаратқа зақым келген және көлік қатынасы тоқтаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, су тасқынынан кейін ондаған мың адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында тіркелген.
Еске салсақ, Венесуэлада 25 маусымда соңғы 126 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болған еді.
БҰҰ халықаралық көмекті үйлестіреді – Антониу Гутерриш Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі жайлы
Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай режимі енгізілді