USD: 485.5 / 488.1
  • EUR: 551.0 / 556.0
  • RUB: 6.13 / 6.27
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай режимі енгізілді

Фото: Gazeta.ru
Фото: Gazeta.ru
АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер асты дүмпуін тіркеген.

Венесуэлада болған күшті жер сілкінісінен кейін елде төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы уақытша президент Делси Родригес халыққа жасаған телеүндеуінде мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Конституцияға сәйкес төтенше жағдай режимін енгізіп отырмыз", – деді ол.

Уақытша президент зілзаладан қаза тапқандар бар екенін растады, алайда нақты санын жариялаған жоқ. Ол жақындарынан айырылған азаматтарға көңіл айтты.

Сондай-ақ Делси Родригестің айтуынша, елдің басты әуежайы – Майкетия халықаралық әуежайы инфрақұрылымының зақымдануына байланысты уақытша жабылған. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми мәлімет жарияланған жоқ. Алайда әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда Каракас қаласын қоса алғанда, елдің түрлі өңірлеріндегі ғимараттар мен инфрақұрылым нысандарының айтарлықтай бүлінгені көрінеді.

Фото: Gazeta.ru

Жер сілкінісі ел астанасы Каракастың солтүстік-батысында жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18:00-ден кейін тіркелген. Зілзала Яракуй, Лара, Мерида, Арагуа, Карабобо, Ла-Гуайра және Миранда штаттарында, сондай-ақ астаналық округте сезілген.

АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер асты дүмпуін тіркеді. Ал Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы жер сілкінісінің магнитудасын 6,9 деп бағалады.

Фото: Gazeta.ru

USGS Венесуэладағы зілзалаға байланысты қызыл деңгейдегі қауіп туралы ескерту жариялады. Бұл мамандардың адам шығыны көп болуы және ауқымды материалдық залал келуі мүмкін екенін жоққа шығармайтынын білдіреді. Қазіргі уақытта ел билігі жер сілкінісінің салдарын жою және зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз