Оқу-ағарту министрлігі "Үздік педагог" атағын беру қағидаларына өзгерістер енгізіп, аталған байқауға жекеменшік мектеп педагогтерін де қатыстыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасынан белгілі болды.
"Осы "Үздік педагог" атағын беру қағидалары өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтеріне "Үздік педагог" атағын беру тәртібін айқындайды" делінген құжат жобасында.
Оқи отырыңыз:
- Жалақы 2,5 есе көп: Өңірлерге үздік педагогтерді тарту бағдарламасы басталды
- 2023 жылы оқушылар мен студенттер қалай оқиды? Білім берудегі өзгерістерге шолу
Сондай-ақ, 25 қазан – Республика күні және 5 қазан – Мұғалім күні болып бекітілуіне байланысты "Үздік педагог" байқауын өткізу мерзімі де өзгеріске ұшырайды. Атап айтқанда, бұрын байқаудың бірінші және екінші кезеңдері қыркүйек пен қазан айларында өткізілетін болса, енді дата сәйкесінше мамыр және тамыз айларына ауыстырылады.
Ал жеңімпаздар анықталатын байқаудың қорытынды үшінші кезеңі қыркүйек айына белгіленген.
Байқауға жекеменшік мектеп мұғалімдерінің де қатысатынына байланысты байқаудың бірінші кезеңінен екіншісіне өтетін мұғалімдер саны 5-тен 10-ға артпақ. Бұл ретте үміткер бірінші сынақта 100 балдың кемінде 80 балын жинауы тиіс.
Байқаудың өзге шарттарымен осы жерден таныса аласыздар.
Оқи отырыңыз:
Құжат жобасы 13 сәуірге дейін жария талқыға ұсынылған.