Прямой эфир Новости спорта

Қазақстанда дарынды балаларға арналған қанша мектеп бар?

Бұл мектептерде 72 мыңнан астам оқушы білім алады.

Қазақстанда мамандандырылған мектептердің саны 134-ке жетті, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі. Ведомство мәліметінше, бұл мектептерде 72 мыңнан астам оқушы білім алса, олармен 8 мыңнан астам педагог жұмыс істейді.

  • 94 мектеп жаратылыстану-математика;
  • 6 мектеп қоғамдық-гуманитарлық;
  • 8 мектеп көпсалалы;
  • 5 мектеп әскери спорт;
  • 6 мектеп музыкалық-эстетикалық бағытта жұмыс істейді.

134 мектептің 95-інің интернат үйі бар. Ал 15 мектепке Абай Құнанбаев есімі берілген.


Оқи отырыңыз: Мектеп директоры қай жағдайда екі есе жалақы алады? Оқу-ағарту министрлігінің жауабы


"Дарынды балалар республикалық және халықаралық олимпиадаларға белсене қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Мысалы, былтыр 420-дан астам оқушы республикалық олимпиадалардың жүлдегері мен жеңімпазы атанды", – деді "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Унайбеков.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығы бойынша, бұл мектептерге оқушылар тек конкурс негізінде қабылданады. Емтихан барысында оқушылар математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы бойынша үздік нәтижеге жетуі қажет.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары