Үздік үштікке Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысы кірді.
2021 жылы білім саласында қызмет ететіндер саны 1,12 млн адам болды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 1% көп, деп хабарлайды ranking.kz сайты.
Өткен жылы білім саласындағы әр 10 жұмысшыға 52 бала мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімнен келді. Елдегі 17 өңірдің ішіндегі 7 өңірде көрсеткіш жоғары болды. Халық санын есепке ала отырып қайта есептегенде әр 10 қызметкерге 169 адамнан келді.
Бір жыл ішінде қалалық жерлерде білім саласы қызметкерлерінің саны 2,5%, 570,7 мың адамға дейін өсті. Ал ауылдық жерде керісінше 0,6%, 549,4 мың адамға дейін қысқарды.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-2022: Әр үміткердің жеке тест нұсқасы болады
Білім саласы қызметкерлері келесі өңірлерде көп:
- Түркістан облысы – 141,9 мың адам, бір жылда 1,8% өскен;
- Алматы облысы – 128,8 мың адам;
- Алматы қаласы – 95,5 мың адам.
2021 жылдың төртінші тоқсанында білім саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 219,2 мың теңгені құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,2% көп. Сектордағы жалақының сатып алу қабілеті 14,3%-ға жетті.
- жоғары білім саласы қызметкерлерінің номиналды жалақысы – 299 мың теңге;
- орта білім – 246,9 мың теңге;
- қосалқы білім беру қызметтері – 203,7 мың теңге;
- бастауыш білім – 180 мың теңге;
- мектепке дейінгі білім беру – 112,6 мың теңге.
Оқи отырыңыз: ЖОО оқытушыларының жалақысы қыркүйектен бастап көбейеді. Енді ұлттық университет профессорлары 400 мың алады
Өңірлер бойынша сектордағы ең жоғары жалақы Нұр-Сұлтан қаласында – 344,5 мың теңге. Сондай-ақ үздік үштікке Алматы мен Алматы облысы кірді. Бәрінен аз Батыс Қазақстан облысының қызметкерлері алады – 181,7 мың теңге.
Хабар24 мәліметінше, республикалық бюджеттен ұстаздар жетіспеушілігін болдырмау үшін 4 млрд теңге бөлінді. Атырау, Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында ұстаздар жетіспейді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
273
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
238
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
250
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
240
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
244
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
204
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
192
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
195
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
193
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
201
-
0
-
0
-