USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Ұлттық онкология орталығы Алматыда ер адамдарды тегін урологиялық УЗИ-ден өткізеді

Орталық дәрігерлері 22 қыркүйек күні сағат 09:00-13:00 аралығында Абай даңғылы, 91 мекенжайында кеңес береді. 

22 қыркүйек күні Алматыдағы Қазақ ұлттық онкология және родология ғылыми-зерттеу институты ерлердің денсаулығына арналған ашық есік күнін өткізеді. Мамандар шара барысында тегін ПСА онкомаркеріне анализ алып, урологиялық УЗИ-ден өткізеді. 

Қатерлі ісікті зерттейтін халықаралық агенттік мәліметінше, 2020-2021 жылдары тағы 19,3 миллион адамнан қатерлі ісік анықталды. Ал осы індеттен көз жұмғандар саны 10 миллионға жетті. Яғни Жер бетіндегі әрбір бесінші тұрғын өмірінде бір рет қатерлі ісікке шалдығады. Олардың ішінде әрбір он бірінші әйел мен сегізінші ер адам көз жұмады. 

Мұнымен қатар, обыр диагнозы қойылғанына бес жыл болған науқастардың саны өсіп, 50,6 миллионға жеткен. Ал Қазақстанда 2020 жылы онкологиялық ауруларға шалдыққандар саны 190 159 науқас болды. Осы орайда, онкология институтының жетекші мамандары мен онкоурологтары Абай даңғылы, 91 мекенжайы бойынша, сағат 09:00-13:00 аралығында кеңес береді. 

Еске салсақ, ҚазҰУ ғалымдарының суда еріп, толық ыдырайтын биологиялық пластик әзірлегені туралы хабарлаған едік. Қазіргі таңда мамандар патент алу үшін құжаттарды рәсімдеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз