Ұлдана Мырзуанның қазасы: сотта әріптесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ділназ Байзақова. Фото: Жоғарғы сот
Ділназ Байзақова. Фото: Жоғарғы сот
Куәгер қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтты.

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта оның әріптесі Ділназ Байзақова куәлік берді. Ол 2025 жылғы 8 қарашада Ұлданамен бірге 72-бригада құрамында кезекшілікте болғанын айтты.

Куәгердің сөзінше, сол күні олар демалыстан кейін кезекшілікке шыққан. Таңертең алғашқы шақыртуға барған соң, станцияға оралып, таңғы ас ішкен. Кейін Ұлдана шұғыл шақырту түскенін және оқиға орнында қабырға құлағанын айтқан.

Ділназ Байзақова оқиға орнына барған кезде дүкенге кіріп, кейін қосалқы есік арқылы үйіндіге шыққандарын айтты.

Үйіндінің арасынан әйел мен ер адамды көрген фельдшерлер оларды сүйеп, дүкен ішіне шығаруға тырысқан. Куәгердің айтуынша, медицина қызметкерлері үйіндіге жақындаудың қауіпті екенін түсінген. Алайда оқиға орнында болған тұрғындар зардап шеккендерге көмек көрсетуді талап еткен.

Бір кезде біздің үстімізге бір нәрсе құлады. Ауырғанынан кірпіш деп топшыладым. Тұрсам, Ұлдана етпетінен жатыр екен. Оны көтерген кезде құлағы мен мұрнынан қан фонтанша атқылап жатты. Артымыздан келген бригада Ұлдананы алып кетті, мен өзім қалып, жарақат алғандарға көмектесуге тырыстым, – деді Ділназ Байзақова.

Оның өзі де оқиға кезінде жарақат алған. Кейін есінен танып қалғанын айтқан куәгерге дәрігерлер ми шайқалуы, жабық бас-ми жарақаты және амнезия диагнозын қойған.

Сотта Ділназ Байзақова оқиға орнында техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын да айтты. Алайда оның үстіне нақты қандай құрылым құлағанын анық айта алмағанын жеткізді.

Ұлдана Мырзуан ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған.

Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы құлап, бірнеше адам үйінді астында қалған. Оқиға салдарынан жалпы бес адам түрлі жарақат алған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау