Новости спорта

Түркістан облысында Атажұрт, Мәшһүр Жүсіп ауылдары құрылады

30-разъезд елді мекені Ескі Сауран, ал Үштам Самырат атауын алып, өзгереді.

Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымында өзгерістер болады. Облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында келесі шешімдер қабылданды

  • Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі аумағынан елді мекен құрылып, ол Атажұрт атауын алады. 
  • Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан елді мекен құрылып, ол Мәшһүр Жүсіп атауын иеленеді. 

Сондай-ақ, Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округіндегі 30-разъезд елді мекені Ескі Сауран елді мекені болып қайта аталса, Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округіндегі Үштам елді мекенінің атауы Самырат болып өзгереді. 

Өзгерістер облыстық әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 10 жыл бұрын ғана бой көтерген мектеп құлағалы тұр


 

Informburo.kz арнайы хабарларын YouTube желісінде көріңіз.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары