
Time басылымы дәстүр бойынша 2025 жылдың ең ықпалды адамдарының тізімін жасады. Онда 100 адам бар.
Ең ықпалды адамдар қатарындағы ең жасы франциялық жүзгіш Леон Маршан (22 жас) болса, ең қартаңы – Бангладештің уақытша үкіметінің басшысы Мұхаммед Юнус. Ол 84 жаста.
Time басылымы атап өткендей, биыл АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіндегі 6 адам тізімге енген. Бұл қазіргі Ақ үйдегі саяси қимылдардың белсенді болуымен байланысты. Олардың қатарында Дональд Трамптың өзі, оның кеңесшісі Илон Маск, АҚШ-тың вице-президенті Ди Джей Вэнс және басқалар бар.
Ал өнер әлеміндегі ықпалды адамдар қатарынан әнші Эд Ширан, актриса Деми Мур, Скарлетт Йоханссон және басқаларды көреміз.
Олардан бөлек, Meta бас директоры Марк Цукерберг пен ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус те тізімге енген.
Time нұсқасы бойынша 2025 жылдың ең ықпалды адамдарының тізімімен осы жерде танысуға болады.
Оқи отырыңыз: АҚШ-тың 47-президенті әлем картасын қалай өзгертпек? Дональд Трамптың тосын мәлімдемелеріне шолу