Тоқаев алғашқы АЭС-тің атауы үшін халық арасында байқау жариялауды ұсынды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Үлкен ауылында АЭС құрылысы басталып кетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде салынатын алғашқы атом электр стансасының атауына халық арасында байқау жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Ақорда.

"Росатом" компаниясымен бірге салынатын алғашқы атом электр стансасы стратегиялық маңызға ие. Бірер күн бұрын оның құрылысы ресми түрде басталды. АЭС энергетика нысаны ғана емес, ғылыми-техникалық прогрестің жарқын символы болуға тиіс. Әзірге оның атауы жоқ. Бұл еліміздегі тұңғыш станса болғандықтан, халық арасында үздік атау жөнінде байқау жариялауға болады деп санаймын. Осы сайысқа қатысып, шығармашылық қарымдарыңызды көрсетуге шақырамын. Бәлкім, шешім қабылдаған кезде сіздердің де ұсыныстарыңызға сүйенерміз", – деді президент.

Серіктестер жаңалықтары