Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, әлемнің үздік педагогтары мен математикадан халықаралық сарапшылар білім берудегі және инклюзивті оқытудағы инновациялар жөнінде тренингтер мен шеберлік класстар өткізеді.
Қатысушыларға Global Teacher Prize сыйлығының иегерлері мен жеңімпаздары ұйымдастыратын бірқатар ашық сабақ ұйымдастырылады. Аталған іс-шараны BINOM SCHOOL қолдауымен Нобель фестивалі өткізеді.
7 қазанда мұғалімдердің ашық ұлттық саммиті барлығына қолжетімді болады. Кең аудиторияға мынадай тақырыптар бойынша сарапшылардың баяндамалары ұсынылады:
Педагогтар саммитінің негізгі бағыттары:
- Математикалық бағыт:
математиканы оқытудың озық әдістері, сондай-ақ оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру тәсілдері қарастырылады. - Global Teacher Prize лауреаттарының жолдамасы:
"Әлем мұғалімі" сыйлығының лауреаттары өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагогика мен білім беруді дамыту бойынша құнды білім береді.
Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты: Ауылда жалған дипломмен сабақ беретін мұғалімдер көп.
Педагогтар саммиті орта білім беруді дамытуға, білім беру мамандарының кәсіби бағдарлануына және оқушылардың эмоционалды және бейімделгіш интеллектін дамытуға бағытталған. Мектептер арасындағы теңдікті құруға және инновациялық шешімдерді қолдануға ерекше назар аударылатын болады.
7 қазанда педагогтардың ашық Ұлттық саммиті барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді болады. Саммит Қазақстан мен Орталық Азиядан келген педагогтар үшін жыл сайынғы халықаралық іс-шараға айналуы мүмкін.