Шымкенттің экс әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Самұрық-Қазынаға" қарасты компанияға қызметке тұрды

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Ғабидолла Әбдірахымов. Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Ол Samruk-Kazyna Construction басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Ғабидолла Әбдірахымов "Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары болып қызметке орналасты. Бұл туралы компанияның баспасөз хабарламасында айтылған. 

Бірақ, ол "Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқармасының құрамына кірмейді. 

"Ғабидолла Әбдірахымовтың экономикалық және басқарушылық білім бар. Оның ішінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін иеленген. Президент әкімшілігінде, Үкіметте жоғары қызметтер атқарды, Шымкент әкімі және мәдениет және спорт вице-министрі болды", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, Ғабидолла Әбдірахымов 2021 жылы қыркүйекте мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен кеткен соң мемлекеттік қызмет атқарған жоқ.  

 

Серіктестер жаңалықтары