Тікелей эфир

Су тасқынынан кейінгі тұрғын үй құрылысын "Сергек" арқылы бақылауға болады

Тіпті жаңа баспаналардың іргестасы қаланып, қабырғалары көтерілген сәтті тікелей трансляциядан көруге болады.

Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс және Солтүстік Қазақстанда бас-аяғы 55 камера жұмыс істеп тұр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тікелей эфир тәулік бойы gov.kz сайтында көрсетіледі. Бұған дейін камералардың көмегімен жауаптылар тасқынға қарсы күрес жұмыстарын бақылаған екен. Жалпы, топан су басқан өңірлерде екі мыңға жуық үй салынады деген жоспар бар. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бастамасы бойынша ЦДИАӨМ, Sergek Group, «ҰАТ» АҚ және әкімдіктермен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа тұрғын үйлер салу орындарында бейнекамералар орнатып, бейне ағындарын Sergek VMS кешенді  бейнебақылау жүйесіне біріктіру жұмыстарын жүргізді.

"Біз бұған дейін gov.kz платформасында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілетін орындардан трансляция шығардық. VMS кешенді жүйесінің көмегімен Қазақстан азаматтары зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысын бақылай алады. Тұрғындардың өмірін жақсарту, олардың қауіпсіздігі мен ақпараттандырылуы үшін әзірлеген технологияларды қолдану - біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз", – деді Sergek Group бас директоры Асет Ахметов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары