Скляр Кентау мен Созақ арасында темір жол салуға қатысты жауап берді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қазіргі таңда "Достық – Мойынты", Алматы айналма жолы, "Дарбаза – Мақтаарал" және "Бақты – Аягөз" жолдарының құрылысы басымдыққа ие.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәжіліс депутаттарының сауалына орай, Түркістан облысының туризмін дамыту мақсатында Кентау мен Созақ арасында темір жол салуға қатысты жауап берді. 

Үкімет өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта мемлекет жалпы ұзындығы 1,3 мың шақырымнан астам 4 ірі теміржол инфрақұрылымдық жобасын іске асырып жатыр. Олар: "Достық – Мойынты" екінші жолдарының құрылысы, Алматы айналма жолы, "Дарбаза – Мақтаарал" және "Бақты – Аягөз". 

"Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту мақсатында жаңа "Мойынты – Қызылжар" желісі, "Қызылжар – Сексеуіл", "Шалқар – Бейнеу" учаскелерінде реттеудің қазіргі заманғы жүйелерін енгізу және "Бейнеу – Маңғыстау" және "Алтынкөл – Жетіген" учаскелерін жаңғырту жоспарланып отыр", – деді Роман Скляр. 

Оның сөзінше, бұл жобалар тасымалдардың өсіп келе жатқан көлемі үшін тиісті теміржол инфрақұрылымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаларды іске асыру "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 


Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жүк вагондарын жөндейтін азаматтар жұмыссыз қалуы мүмкін


"Осыған байланысты Түркістан облысының Кентау қаласынан Созақ ауданына дейінгі жаңа теміржол желісінің құрылысы ағымдағы басым жобаларды іске асырғаннан кейін қаралады", – деді ол. 

Серіктестер жаңалықтары