Ақтөбе облысында жүк вагондарын жөндейтін азаматтар жұмыссыз қалуы мүмкін

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ
Жалпы, бұл жерде бас-аяғы 26 адам жұмыс істейді.

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында жүк вагондарын жөндейтін азаматтар жұмыссыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Себебі, жекеменшік компаниялардың бірі штат санын азайтып, жаппай қысқартуды жөн деп шешкен. Бірақ бұған зейнет жасына жақындаған жандар келіспейді. 

Теміржол саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар мамандар далада қалудан қорқады. Таңның атысы, кештің батысы вагон жөндеп, тер төгетін бұл азаматтардың көңілі күпті. Астанадан келген хабарламадан кейін көбінің дегбірі қашқан. Өйткені, барлығы бір-бір үйдің жалғыз асыраушысы. Әсіресе, зейнет жасына жақындағандар екі қолға бір күрек таппай қаламыз ба деп алаңдайды. 

Жалпы, бұл жерде бас-аяғы 26 адам жұмыс істейді. Олар басшылықтың шешімімен келіспейді. Алдын ала ескертпей, келісімшартты бұзу заңға да қайшы дейді. Сондықтан бұл мәселені қайта қарауды сұрап отыр. 

Бізде "Деповской сервис" мекемесінде жалпы 16 ағымдағы жөндеу бекеттері жалға алынған. Сол 16 бекеттегі жұмыс істейтін жұмысшылардың бәріне де жаңағыдай хабарлама берілген. Біздің жобамыз 15-ші мамырға дейін болған. 16-сынан бастап егер біз ұтатын болсақ ол конкурсты, сіздермен тағы да келісімшарт жасалады 31-ші желтоқсанға дейін. Міндетті түрде ол кісілердің ешқайсысы жұмыссыз қалмайды, – деді "ДЕПОВСКОЙ СЕРВИС" ЖШС бөлім басшысы Қанат Жаңаберген.      

Бірақ шағымданушылар жекеменшік компания өкілдері сөзінде тұрмаса құзырлы органдарға хат жазбақ. Ал Қазақстан теміржолның мамандары компаниясы бұл мәселеге араласа алмайтындарын айтады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары