Тікелей эфир

СІМ Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау туралы хабарлады

Украинада жүрген қазақстандықтар +7 (7172) 72-06-06 нөміріне хабарласып, көмек сұрай алады.

Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі елшілігі азаматтарды эвакуациялап жатыр. Сондай-ақ, Украинада жүрген қазақстандықтарға арнап "жедел желі" ашылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

"Украинадағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекен-жайы бойынша және келесі "жедел желі" телефондары арқылы хабарласа алады: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58. Отандастарымыз Харьков (келесі консулдық аймақтарын қамтиды – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ҚР сыртқы істер министрлігінде Украинадағы қазақстандықтар хабарласуы үшін келесі телефон арқылы "жедел желі" ашылғаны хабарланды: +7 (7172) 72-06-06.

Қазақстан Республикасының Украинадағы құрметті консулдарының байланыстары:

Қазақстан Республикасының Днепрдегі консулдығы
Консул: Медяник Инна Сергеевна
Консулдық аймағы: Днепропетровская облысы
Мекен-жайы: 49000, Украина, Днепр, Дмитрий Яворницкий даңғылы, 22.
Телефоны: +38 (098) 222-94-37.
Эл.пошта: consul.kz

Қазақстан Республикасының Львовтағы консулдығы
Консул: Маслюк Галина Дмитриевна
Консулдық округ: Львовская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Черновицкая, Тернопольская, Хмельницкая, Ровенская және Волынская облыстары
Мекен-жайы: 79016, Украина, Львов қаласы, Замкнен көшесі, 3/1
Телефоны: +38 (032) 240-36-70
Эл.пошта: 

Қазақстан Республикасының Одессадағы консулдығы
Консул: Продаевич Сергей Александрович
Консулдық аймағы: Одесская, Николаевская және Херсонская облысы
Мекен-жайы: 65007, Украина, Одесса, Пантелеймоновская көшесі, 101/11
Телефоны: +38 (094) 949-27-52
Эл.пошта: 

Қазақстан Республикасының Харьков қаласындағы консулдығы
Консул: Наджафли Эмин Мұса оглы
Консулдық округ: Харьковская, Полтавская және Сумская облыстары
Мекен-жайы: 61052, Украина, Харьков қаласы, Полтавский көшесі, 7
Телефоны: +38 (067) 190-77-77
Эл.пошта: 
Веб-сайты: consulkz.kh.ua


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары