Тікелей эфир

Шетелдегі қазақтар Қазақстанда тегін техникалық жоғары білім ала алады

Үміткерлер құжаттарын 1 мамырға дейін өткізуі қажет.

Шетелдегі этникалық қазақтар, сондай-ақ бірқатар елдің азаматтары Қазақстанда тегін не жеңілдікпен техникалық білім ала алады. Мұндай мүмкіндікті Қазақ-британ техникалық университеті ұсынып отыр, деп хабарлады "Отандастар" қоры.

Бағдарлама аясында кез-келген елде тұратын этникалық қазақтарға бакалавриат бойынша 2 және магистратура бойынша 2 грант ұсынылады. Бұдан бөлек, қазақ жастары 50 пайыз жеңілдік бойынша 8 грантқа үміт арта алады (бакалавриат – 4 және магистратура – 4).

Сондай-ақ, дәл осындай мөлшердегі гранттар мен жеңілдіктер ТМД елдері, Грузия және Украинаның азаматтарына және тағы да осы мөлшердегі гранттар мен жеңілдіктер Моңғолия, Пәкістан, Үндістан және Түркия азаматтарына ұсынылып отыр. Еске салайық, соңғы аталған екі елдердің тобындағы этникалық қазақтар да бұл гранттардың байқауына қатыса алады.


Оқи отырыңыз: Этникалық қазақтардың "қандас" мәртебесін алу тәртібі жеңілдейді


Бағдарлама екі кезеңде өтеді. 1 наурыз – 1 мамыр аралығында үміткерлерден құжаттар қабылданатын болса, екінші кезеңде 31 мамырға дейін созылатын екінші кезеңде сұхбаттасу шаралары өтеді.

Гранттар туралы Қазақ-британ техникалық университетінің ресми сайтынан толығырақ оқып білуге болады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары