Сенатор журналистер қауымының әлеуметтік әл-ахуалы туралы мәселе көтерді.
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Facebook желісінде бұқаралық ақпарат құралдарының мәселесін көтерді. Оның жазуынша, санда болғанымен санатта жоқ журналистер корпусы қазір ең қорғансыз салаға айналған.
"Қазір газет атаулының күні – өлмешінің күйі. "Шықпа, жаным, шықпа" деумен отыр. Аудандық газеттерден бастап республикалық басылымдар қымбатшылық зардабын тартып келеді: жалақысы да, қаламақысы да мардымсыз. Әлеуметтік пакет атаулыдан жұрдай, қоғамдағы мәртебесі анықталып, бекітілмегеннен кейін сайда саны, құмда ізі жоқ жалаңаш, қауқарсыз, қорғансыз қауымға айналып барады", – деп жазды Нұртөре Жүсіп.
Оқи отырыңыз:
- Сенатор ішімдік ішкен әншілерді сахнадан 5 жылға аластатуды ұсынды
- Сенат депутаты "Тәлім ТВ" мен "Ел Арнаны" жасөспірімдер арнасына айналдыруды ұсынды
Депутаттың ойынша, қазақ қоғамының қызуы қай дәрежеде екенін білу үшін жарыққа шығып жатқан қазақ баспасөзіне арнайы мониторинг жүргізсе жеткілікті. Соңғы отыз жылда қоғамды толғандырған мәселелер мен кетіп жатқан кемшіліктер – бәрі баспасөз бетінде тұр.
"Қазір "ақпараттық майдан" жүріп жатыр деседі. Майданда мықты қару керек. Бізде қару да, қауқар да шамалы. Алдыңғы шепте жүрген журналистер жалаңаяқ жар кешіп, қызылаяқ қар кешіп осылай жүре бере ме", – деді сенатор.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
262
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
255
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
259
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
257
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
251
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
251
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
249
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
245
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
229
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
225
-
1
-
5
-