3 мамыр күні Маңғыстау облысына "Саламатты Қазақстан" мамандандырылған медициналық пойызы келеді, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
3 мамыр мен 25 мамыр аралығында Маңғыстау облысының бірнеше елді-мекенін аралап, дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.
Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Медициналық пойыз дәрігерлері өңір тұрғындарын таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18:00-ге дейін қабылдайды. Түскі ас уақыты - 13.00-14.00. Айта кетейік, дәрігердің қабылдауына баратын тұрғындар міндетті түрде өзінің, баласының (баласын қаратса) жеке бас куәлігін және медициналық құжаттары болса, қосымша ала баруы керек.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында мектеп оқушысы сабақ кезінде есінен танып қайтыс болды