Тікелей эфир

Рауан Кенжеханұлы "Халықаралық қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды

Оған дейін бұл қызметті Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы атқарып келген болатын.

"Халықаралық қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс құрылтайында бірлестіктің жаңа президенті болып журналист, қоғам қайраткері Рауан Кенжеханұлы сайланды. Оның кандидатурасын Берік Әбдіғалиұлы ұсынып, Рауан Кенжеханұлы көпшіліктің қолдауына ие болды.

"Мемлекет басшысы айтқандай қазіргідей ақпарат пен жаңа технология қарқынды дамып жатқан кезеңде қазақ тілінің ұлтаралық және халықаралық тілге айналуына қызмет ету керек екені белгілі. Бұл орайда Рауан секілді википедияны қазақша сөйлетіп, әдебиетімізді әлем тілдеріне аударған, тіліміздің мерейін көтеру үшін қыруар жобалар жасаған белгілі азаматтың бұл қызметті абыроймен атқаратына сенім мол", – деп жазды ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Рауан Кенжеханұлы Wikibilim қоғамдық қоры мен Bilim Media Group компаниясының басшысы. 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Этноспорт федерациясының вице-президенті ретінде қызмет етеді. 


Оқи отырыңыз: Рауан Кенжеханұлы: Білім тез ескіріп барады, сондықтан мамандықтан гөрі дағдыларды игеру маңыздырақ


 

Серіктестер жаңалықтары