Қыздар арасында Құранды жатқа оқу бойынша республикалық байқау өтеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Үміткердің құжаттары 2026 жылдың 16 сәуіріне дейін қабылданады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 25-26 сәуір аралығында Түркістан қаласында Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында V республикалық байқау өтеді, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі

Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқау қарилардың Құран Кәрімді оқу және жаттау деңгейін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, мұсылман жамағатының құрани сауатын көтеру арқылы қоғамның руханиятын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жарысқа қатысушы қыздар Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынай алады. Үміткердің құжаттары 2026 жылдың 16 сәуіріне дейін қабылданады.

Үміткер қыздарға қойылатын талаптар:

  • үміткердің Қазақстанның азаматы болуы міндетті;
  • әйел адам болуы шарт;
  • үміткердің жасы 30-дан аспаған болуы қажет;
  • үміткер бір номинацияға ғана қатыса алады;
  • әр номинацияда талап етілетін параларды толық жаттауы тиіс;
  • жарысқа қатысушының жаттаған паралары толық болуы керек, яғни екі жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;
  • жарысқа қатысу құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімде тапсыруы керек;
  • үміткер өз облысындағы ҚМДБ өкілдігінің жолдамасымен келуі шарт;
  • әр облыстан бір номинацияға бір үміткер ұсынылады (барлығы 4 үміткер);
  • Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша республикалық жарыстардың жүлдегерлері жарысқа қатыса алмайды.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз