Татарстан мүфтиі Камил Самигуллин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі комиссия құру туралы ұсынысын маңызды қадам деп бағалады.
"Бұл бастама өзекті. Қазір жастар мен жалпы қоғамда жасанды интеллект туралы әртүрлі түсінік қалыптасып жатыр. Мен өзім де интернетті жиі қолданамын, жасанды интеллектіні қосымша құрал ретінде пайдаланған тәжірибем болды. Кейбір жағдайда пайдалы болуы мүмкін, бірақ діни мәтіндерге келгенде мәселе туындайды. Мысалы, Құранға қатысты сұрақ қойсаң, ол кей сөздерді бұрмалап немесе қосып жіберуі мүмкін. Құранды жатқа білетін адам мұндай айырмашылықты бірден аңғарады. Бұл – ойланатын жайт", – деді ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі аясында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Оқи отырыңыз: Тоқаев съезд қатысушыларын мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мүфтидің айтуынша, діни мәселелер бойынша жасанды интеллектке жүгінбеу керек. Бұл бағытта нақты ережелер мен регламенттер қабылданғаны жөн.
"Мұсылмандық тұрғыдан моральдық нормалар бұрыннан бар, бәрімізді біріктіретін қағидалар қалыптасқан", – деп толықтырды Камил Самигуллин.
USD:
506.1 / 508.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63