Тікелей эфир

Құрбан шалуға өтініш қабылдау 22 шілде сағат 14:00-де тоқтатылады

Құрбан шалуға және құрбан етін алуға өтініштер qurban2021.kz сайты арқылы қабылданады.

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Құрбан айт кезінде карантин шектеулерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ, ол мерекенің форматы туралы ақпарат ұсынды.

Биыл Құрбан айт мерекесі 2021 жылы 20-22 шілде аралығында өтеді. Мадияр Пірімқұловтың айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты мұсылмандар жиналысы болмайды.

Құрбан шалу рәсімі қашықтан онлайн жүргізіледі. Ниет еткендер qurban2021.kz сайтында 22 шілде сағат 14.00-ге дейін құрбан шалуға өтініш бере алады. Құрбандық еті мұқтаж отбасыларға жеткізіледі. Сондай-ақ, оның етін алғысы келетіндер де осы сайтта өтініш қалдыра алады.

  • 17 шілдеде 486 адам сайт арқылы ет алуға;
  • 200-ден астам тұрғын құрбан шалуға өтініш білдірді. 

Оқи отырыңыз: 


Дұға кезінде рәсімге тапсырыс бергендердің есімі айтылған сәт бейнежазбаға түсіріледі. Кейін бейнежазба тапсырыс берушіге жіберіледі. 

"Құрбандық тек белгіленген жерде шалынады. Рәсімді өткізуге арнайы топ бекітілді. Бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынды. Барлық жұмыс санитарлық талаптарға сай жүргізіледі", – деді Мадияр Пірімқұлов. 

Онлайн құрбандық шалу дәстүрі Түркия, Малайзия, Индонезия, БАӘ-де бар. Мұндай форматтың мақсаты – азаматтарды коронавирус инфекциясынан қорғау. 

Дін өкілдерді қазақстандықтардан үйде болуды, қонаққа бармауды және көпшілік жиналатын іс-шара ұйымдастырмауды өтінді. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары