Тікелей эфир

Қуандық Бишімбаевтың ісін судья Айжан Құлбаева қарайды

Бүгін Бишімбаев пен Байжановтың ісі соттың қарауына түскен болатын.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен жасалған азаптау және кісі өлтіру бойынша күдікке ілінген болатын. Жоғарғы соттың сот кабинетіндегі мәліметке сәйкес, бұл істі судья Айжан Құлбаева жүргізетіні белгілі болды. Ол 2022 жылы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Айжан Құлбаева "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің, журналист Махамбет Әбжанның, бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің, экс депутат Нұржан Әлтаевтың ісін жүргізген болатын. 

Жоғарғы соттың сот кабинетінен жасалған скрин

Еске салайық, 2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы мейрамханалардың бірінде қатты соққының салдарынан әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды. Іс бойынша күдікті бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Оған екі бап бойынша айып тағылды:

  • 110-баптың 2-бөлігі – "Азаптау";
  • 99-баптың 2-бөлігі – "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру".

Ал Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу), 434-бабы (аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау) бойынша айып тағылған.


Оқи отырыңыз: Қуандық Бишімбаевтың ісі соттың қарауына түсті


 

Серіктестер жаңалықтары