Қазақстанның мұнай қоры енді қанша жылға жетеді?

Алдағы он жылда елдегі орташа мұнай өндіру көлемі жылына 105 млн тонна болуға тиіс

Қазақстанда барланған мұнай қорын қазіргідей өндіру жалғасатын болса, тек бірнеше онжылдыққа ғана жетуі мүмкін.

Бұл туралы мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов өзінің telegram арнасында хабарлады. 

Ол "ҚазМұнайГаз" статистикасына назар аударды. Қазақстандағы мұнайдың қалған қоры қазіргі таңда 2 млрд 745 млн тоннаны құрайды. Бұл ел тәуелсіздік алғаннан бері өндірілген мұнай көлемінен әлдеқайда көп (2 млрд тонна).

Сонымен қатар қазіргі уақытта өндірілетін мұнайдың 80 пайызы "әйгілі үштік" кен орындарына — Теңіз, Қашаған, Қарашығанаққа тиесілі.

"Алдағы он жылда елдегі орташа мұнай өндіру көлемі жылына 105 млн тонна болуға тиіс. Шамамен, қазіргі мұнай қоры 25–30 жылға ғана жетеді", – деді Нұрлан Жұмағұлов.

Геологиялық зерттеу жұмыстарына жылдар бойы жеткілікті көңіл бөлінбегенін ескерсек, Қазақстанның басты үміті жаңа кен орындары болып тұр. Тайсойған, Қаратон Подсолевой, Каспий теңізіндегі Абай, Торғай Палеозой.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз