Сынақтардың нәтижелері препараттың тиімділігі жоғары екенін көрсетті.
Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Вячеслав Огай бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтарды қалпына келтірудің бірегей технологиясын жасап шығарды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
Ол сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын емдеуді жеделдететін гидрогель ойлап тапты. Арнайы технологияның арқасында операциядан кейін 3-6 ай ішінде сүйек және шеміршек тіндері қалпына келеді.
Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері препараттың тиімділігі жоғары екенін растады.
Оқи отырыңыз: Табиғи қант алмастырғыш. Отандық ғалымдар стевияны жаппай көбейту технологиясын әзірледі
"Сүйек ақауларын толықтай қалпына келтіру травматология мен ортопедиядағы күрделі және шешілмеген мәселелердің бірі болып қала береді. Емдеу үшін сүйек алмастырғыштарын қолдана отырып, остеопластиканың әртүрлі әдістері жиі қолданылады. Бірақ бұл операцияның нәтижесінде сүйек әрдайым толық қалпына келмейді. Біз сүйек ақауларының толық қалпына келуіне ықпал ететін технологияны жасадық. Бағаналы жасушалар мен табиғи биополимерлер зақымдалған сүйек немесе шеміршек тіндерін қалпына келтіру процесін жеделдетеді", – деді әзірлеме авторы, ұлттық биотехнология орталығының бағаналы жасушалар зертханасының меңгерушісі, профессор Вячеслав Огай.
Еске салсақ, қазақстандық 2 мың қыздың наноспутник құрастыруды үйренетіні туралы хабарлаған едік. Онлайн курс аптасына 2 рет болып, 17 наурызға дейін жалғасады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 29 наурыз мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді
-
283
-
1
-
3
-
-
2🔗 Алматыда «Qnet» қаржы пирамидасын басқаруға қатысты күдікті ұсталды
-
276
-
0
-
0
-
-
3⚽️ Қазақстан футболшылары Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуіндегі жеңісі үшін қаржылай сыйақы алады
-
254
-
0
-
3
-
-
4✍️Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды:
-
240
-
0
-
0
-
-
5⚡️ «Ауыл» партиясынан мәжіліске өткен депутаттар
-
242
-
0
-
0
-
-
6⚡️«AMANAT» партиясынан мәжіліске 40 депутат өтті
-
241
-
0
-
0
-
-
7Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан мәжіліске 4 депутат өтті:
-
226
-
0
-
0
-
-
8Respublica партиясынан мәжіліске 6 адам барады:
-
220
-
0
-
0
-
-
9Қазақстан халық партиясы:
-
221
-
0
-
0
-
-
10АҚШ-тағы мектептің бірінде атыс болып, 6 адам қаза тапты
-
228
-
0
-
0
-