Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 456,56 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,53 теңгеге жоғары.
Қазақстан Ұлттық банкінің 4 қыркүйекке белгілеген ресми доллар бағамы 455,86 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 456,21 теңгеден сатып алып, 458,26 теңгеден сатып жатыр.
Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 454 теңгеден сатып алып, 461,01 теңгеден сатып жатыр.
Ал Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағамы 456,37 теңге, сату бағамы 458,48 теңге болып тұр.