Тағы үш елшілік сайтында қазақша нұсқасы болғанымен, қазақ тіліндегі ақпарат тек ішінара салынған.
Қазақстанда жұмыс істейтін 64 мемлекет елшілігінің ішінде тек тоғызы ғана ресми сайтында қазақша ақпарат таратады. Бұл туралы Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп жазды.
"Өзге елдердің Қазақстандағы елшіліктерін, оның ішінде нақты интернет сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларын қарап шықтым. Мен қараған 64 елшілік сайтының тоғызында ғана қазақ тілінде ақпарат бар. Өздері елшілік жасап жүрген елдің тілін сыйлап, сол елдің мемлекеттік тілінде ақпарат таратушы бұл мемлекеттер – Әзірбайжан, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Латвия, Франция, Чехия, Өзбекстан және Германия. Үшеуінде қазақ тілінде нұсқасы жасалғанымен іші бос, қазақша ақпарат қолжетімсіз. Олар АҚШ, Түркия және Жапония (ішінара ғана қазақша)", – деп жазды тіл маманы.
Оқи отырыңыз:
- Google, WhatsApp, TikTok. Бағдарламалар тілін қалай қазақшаға ауыстыруға болады?
- TikTok қазақша сөйлей бастады
Оның айтуынша, 36 елшіліктің сайтында қазақ тілінде мүлдем ақпарат жоқ. Оларда ақпарат орыс, ағылшын және өз тілдерде берілген. Бұл елдер – Армения, Беларусь, Болгария, Ватикан, Венгрия, Грекия, Израиль, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Испания, Италия, Канада, Қытай, Оңтүстік Корея, Куба, Қырғызстан, Ливан, Литва, Біріккен Араб Әмірлігі, Пәкістан, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Финляндия, Швейцария, Эстония, Оңтүстік Африка Республикасы, Мальта.
16 елдің елшілігінің ресми сайты табылмаған.
"Шетел елшіліктерінің ресми сайтының өзінен қазақша мәліметті емге таппайтынымыз олардың ресми болмаса да, қазақ тіліне деген іс жүзіндегі көзқарасы мен ұстанымын көрсетеді. Өзімізде мемлекеттік тілге деген принципті көзқарас болмаған жерде осылай жалғаса бермек", – деп жазды Сәкен Есіркеп.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ
- Трендке айналған сленг. Жастар тілінің шұбарлануынан қазақ тілі қағажу көріп отыр ма?
- Қазақ тілі "тілдер иерархиясының" жүздігінен шығып кетуі мүмкін бе?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Бостандық ауданында өрт орнынан 4 адамнан тұратын отбасы құтқарылып, 70 адам эвакуацияланды
-
280
-
0
-
0
-
-
2Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
-
295
-
0
-
0
-
-
3Қайырлы таң!
-
223
-
0
-
10
-
-
4Автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту
-
202
-
0
-
2
-
-
52024 жылы қажылыққа биылғы 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана бара алады
-
182
-
0
-
2
-
-
6💬Мемлекет жастардың мұғалім атануға ұмтылысын әрі қарай да қолдайды – Әлихан Смайылов
-
162
-
0
-
1
-
-
7Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
-
127
-
0
-
0
-
-
8🏦 Санья қаласында (ҚХР) өтіп жатқан ЕАТ 39-пленарлық отырысы аясында «AML Academy» Қаржы мониторингі академиясының басшылығы мен Қырғызстан Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржылық барлау қызметінің Оқу орталығы арасындағы екіжақты кездесу өтті.
-
120
-
0
-
0
-
-
9🚇 Алматы метросына қосымша пойыз қосылады
-
84
-
0
-
0
-