Мамандар мұндай тұрғын үйлер саны алдағы уақытта артатынына сенімді.
Биыл іске қосылатын "Жасыл ипотека" бағдарламасының талаптарына қазіргі таңда бір ғана тұрғын үй кешені сай келеді. Бұл туралы Отбасы банкінің өкілі Батыр Нұрболат мәлімдеді.
Жасыл ипотека – "жасыл стандартқа" сәйкес келетін тұрғын үйден сатып алу үшін берілетін жаңа тұрғын үй несиесі. Бағдарлама қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында әзірленген. Оған табиғатқа зияны тимейтін құрылыс материалдарын пайдаланып үй салып жатқан компаниялар ғана қатыса алады.
"Қазақстанда әзірге "жасыл стандартқа" сай, "Өмір" сертификаты бар бір ғана тұрғын үй кешені бар. Ол – Астанадағы Grand Victoria тұрғын үй кешені. Құрылыс компаниясы – Best building ЖШС. Осы жерден "жасыл ипотека" арқылы 1, 2 не 3 бөлмелі пәтерді "Жасыл ипотекамен" алуға болады, – деді Батыр Нұрболат.
Ол "Жасыл ипотека" бағдарламасына қатысатын компаниялар саны алдағы уақытта артатынын айтып отыр. "Жасыл ипотека" бағдарламасына қатысушы құрылыс компаниясында ұлттық "Өмір", ресейлік "Р МЕМСТ", халықаралық Bream немесе Leed стандарттарына сәйкестік сертификаты болуы керек.
Оқи отырыңыз: "Жасыл ипотеканың" негізгі шарттары белгілі болды
Еске салайық, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау 4 қаңтарда басталды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
347
-
0
-
2
-
-
2Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
362
-
0
-
4
-
-
3Wildberries Алматыда логистика орталығын салуды жоспарлап отыр
-
349
-
0
-
3
-
-
4🇰🇿 Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына қатысты өзгеріс енгізілді: енді өз елінің паспорты керек
-
350
-
0
-
2
-
-
5📣 20 ақпанда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталады
-
362
-
0
-
0
-
-
6⚡️ҰБТ-ға дайындық үшін ата-аналардан 10 млн теңге алған алаяқ мұғалім ұсталды
-
357
-
0
-
0
-
-
7🚗 4 пайыз автонесие: 463 қатысушы төлем шотын алып үлгерді
-
375
-
0
-
0
-
-
8Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
332
-
0
-
3
-
-
9Түркия ЖОО-да 8 мыңнан астам Қазақстан студенті оқиды
-
335
-
0
-
0
-
-
10Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады
-
334
-
0
-
0
-