Қазақстанда педагогтердің білімін бағалауға өтініштер 19 - 21 қыркүйек аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайты мен мобильді қосымшасында қабылданады, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.
Кезекті педагогтердің білімін бағалау 21-29 тамыз аралығында өтеді.
"Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санаттарын арттыратын және растайтын педагогтер қатыса алады. Білім беру ұйымының педагогтері педагогтердің білімін бағалауға бір күнтізбелік жыл ішінде 2 рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы", – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.
Бұған дейінгі педагогтердің білімін бағалау 21 - 29 тамыз аралығында өткен болатын.
Педагогтердің білімін бағалау қалай өтетіні жайлы Информбюроның түсіндірме материалынан оқи аласыздар.
Оқи отырыңыз: Биыл педагогтерді жаңаша аттестаттау басталады. Оның қалай өтетінін түсіндіреміз
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63