USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 564.0 / 569.0
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанда тұрғын үй сатылымы төмендеді: Астана мен Алматы көш бастап тұр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бір жылда мәмілелер саны 10,5%-ға қысқарды.

2026 жылғы мамыр айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 420 мәміле тіркелді. Бұл көрсеткіш сәуір айымен салыстырғанда 13,5 пайызға төмен болған, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Мәмілелер саны бойынша Астана мен Алматы қалалары көш бастап тұр. Елордада 5 122 мәміле жасалса, Алматыда 4 925 тұрғын үй сатылған. Үздік үштікті 2 630 мәмілемен Қарағанды облысы түйіндеді. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркеліп, бар болғаны 261 мәміле жасалған.

Сәуір айымен салыстырғанда мәмілелер саны тек Түркістан облысында 7,6 пайызға және Атырау облысында 0,6 пайызға өскен. Ең үлкен төмендеу Қызылорда облысында байқалып, көрсеткіш 35,5 пайызға азайды. Сондай-ақ Алматы қаласы мен Ұлытау облысында да айтарлықтай құлдырау тіркелген.

Көпқабатты тұрғын үйлер сегментінде мамыр айында 23 381 мәміле жасалып, бұл барлық мәміленің 76,9 пайызын құрады. Ең жоғары белсенділік Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында байқалды. Сатып алушылар арасында ең танымал тұрғын үй түрі екі бөлмелі пәтерлер болып, бір айда 8 681 мәміле тіркелген.

Жеке тұрғын үйлер нарығында да төмендеу үрдісі байқалды. Мамыр айында 7 039 мәміле жасалып, бұл сәуір айымен салыстырғанда 10 пайызға аз. Бұл санаттағы ең үлкен төмендеу Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Ал Павлодар облысы өсім көрсеткен жалғыз өңір болды.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың мамырымен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 10,5 пайызға қысқарған. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша нарықтағы белсенділік өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8 пайызға төмендеген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз