Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан жаңа Ислам қаржысы секторы құрылмақ. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.
Бас мүфтидің айтуынша, қазіргі таңда мұсылман қауымы қаржылық істерінде өсімқорлық пен әділетсіз келісімдерден аулақ болуға тырысады. Осы үрдіс елдегі қаржы жүйесінің құрылымдық өзгеруіне, соның ішінде исламдық қаржыландыру, сақтандыру және лизинг бағыттарына деген қажеттіліктің туындауына түрткі болды.
"Қоғамдағы сұраныс пен қаржыға қатысты діни сұрақтардың көбеюін ескеріп, ҚМДБ Ислам қаржысы секторын ашу туралы шешім қабылдадым. Аталған сектор қаржылық өнімдерге шариғатқа сай сараптама жасап, қоғамға сенімді әрі бірізді пәтуа ұсынатын болады", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Оқи отырыңыз: Мүфтият 2026 жылды "Ислам және адал қоғам" жылы деп жариялады
Жаңадан құрылатын сектордың басты міндеттеріне мынадай қаржылық құралдарға шариғат тұрғысынан баға беру кіреді:
- инвестициялар мен облигациялар;
- лизинг және сақтандыру өнімдері;
- цифрлық активтер мен электронды төлем жүйелері.
Бұл бастама қаржы жүйесінің әділеттілік пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаларына негізделуіне жол ашып, халықтың шариғи қаржы саласындағы сауаттылығын арттыруға септігін тигізбек.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13