USD: 474.9 / 477.9
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +16C
Все города

Мүфтият 2026 жылды "Ислам және адал қоғам" жылы деп жариялады

Фото: ҚМДБ ресми сайты
Фото: ҚМДБ ресми сайты
Діни басқарманың 2026-2028 жылдарға арналған цифрлық даму тұжырымдамасы әзірленеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылды діни сала аясында "Ислам және адал қоғам" жылы деп жариялады, деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі

"Ислам адамды тек Алла алдында ғана емес, қоғам алдында да жауапты болуға тәрбиелейді. Әрбір іс-әрекет үшін есеп берілетініне сену – адалдықтың ең биік көрінісі. Ақырет күніне иман келтіру адамды әділетсіздіктен, қиянаттан, жамандықтан сақтайды. Өйткені мұсылман адам ешбір ісінің ескерусіз қалмайтынын жақсы біледі. Ал қазіргі заманда бүкіл адамзат алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – әділетсіздікпен күресіп, адал қоғам құру. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру үшін 2026 жылды діни қызмет аясында "Ислам және адал қоғам" жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Бұл – әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам деп санаймын", – деді бас мүфти.

Сондай-ақ, Наурызбай қажы Тағанұлы діни басқарманың 2026-2028 жылдарға арналған цифрлық даму тұжырымдамасы әзірленетінін хабарлады. 

"Қазір технология мен білімнің, ақпарат пен цифрлық мүмкіндіктердің заманы. Осы үдерістен қалыс қалу – уақыт талабына жауап бере алмау деген сөз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2026-2028 жылдарға арналған Цифрлық даму тұжырымдамасын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл құжат мүфтияттың алдағы үш жылдағы цифрлық даму бағытын айқындап, нақты мақсат-міндеттерді, басым бағыттарды белгілейтін маңызды стратегиялық негіз болуға тиіс", – деді бас мүфти.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау