Қазақстанда қандай жаңа өңіраралық әуе рейстері іске қосылмақ

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Үкімет 2026-2028 жылдары бірқатар ішкі бағытқа субсидия бөлуді жоспарлап отыр.

Қазақстанда алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейстерін іске қосу мақсатында қосымша қаражат бөлінуі мүмкін. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің сенат депутаттарына берген жауабында айтылған. 

Мұндай ішкі бағыттарға Ақтау – Қостанай, Ақтау – Қарағанды, Ақтау – Атырау, Ақтау – Ақтөбе, Ақтау – Орал, Ақтау – Петропавл, Ақтау – Тараз әуе рейстері жатады. 

Айта кетейік, Көлік министрлігі әлеуметтік маңызы бар авиамаршруттарды субсидиялау бағдарламасын 2002 жылдан бері жүзеге асырып келеді. 

"2025 жылға арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде 23 авиамаршрутты субсидиялауға 6,4 млрд теңге көзделген, оның ішінде: Түркістан – Ақтау – 8 ай ішінде аптасына 2 рейс, тариф 28 000 теңге, сомасы 296,3 млн теңге; Көкшетау – Ақтау – 11 ай ішінде аптасына 2 рейс, тариф 30 000 теңге, сомасы 488,817 млн теңге. Сондай-ақ бюджет қаражатын оңтайландыру шеңберінде ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ақтау – Қарағанды авиамаршруты аптасына 2 рейс жиілігімен 3 ай мерзімге ашылды, тариф – 25 000 теңге, сома – 125 млн теңге", – делінген премьер-министрдің жауабында. 

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары