Тікелей эфир

Қазақстанда оқушылар жаңа оқу жылында күзгі, қысқы және көктемгі демалыста қанша күн демалады?

Оқу-ағарту министрлігі тоқсандар мен демалыстардың ұзақтығын анықтайтын бұйрық жобасын ұсынды.

Білім министрлігі "Орта білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы" бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Құжатқа сәйкес, оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегі мен 2024 жылдың 25 мамырын қоса алғанда жалғасады. 1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен тоқсан аралығындағы демалыс ұзақтығы:

  • I тоқсан – сегіз оқу аптасы, күзгі демалыс – жеті күн (2023 жылдың 30 қазанынан 5 қарашасын қоса алғанда);
  • II тоқсан – сегіз оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2023 жылғы 29 желтоқсаннан 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
  • III тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2024 жылғы 21 наурыздан 31 наурызды қоса алғанда); 1 сыныпта қосымша мерекелер – 7күн (2024 жылғы 5 ақпаннан 11 ақпанды қоса алғанда);
  • IV тоқсан – 8 оқу аптасы.

Оқи отырыңыз: Бір оқушы үшін – 920 мың теңге. Мектеп не жатақхана салған кәсіпкер мемлекеттен қанша қаржы алады?


Осылайша, бірінші сыныптарда оқу жылының ұзақтығы – 33 оқу аптасы, ал қалған сыныптарда 34 оқу аптасы болады.

Құжатты қоғамдық талқылау 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары