Тікелей эфир

Қазақстанда көлік салығы 7% өсті

Салықтың бұл түрі айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізінде есептеледі.

2024 жылы көрсеткіш көлемі – 3692 теңгені құрады. Өткен жылдың салығы биылғы 1 сәуірге дейін қабылданады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тиісінше, жүргізушілер 2023 жылғы айлық есептік көрсеткішпен төлейді. Мәселен, қозғалтқыш көлемі 1,1 литрден аспайтын көліктер үшін 3450 теңге, қозғалтқышы 1,1-ден 1,5 литрге дейінгі көлік иелері 6900 теңге, қозғалтқыш көлемі 1,5 литрден 2 литрге дейін болса 10350 теңге болады.


Оқи отырыңыз: Жаңа заң қабылданды: Бөлшек салық салу тәртібі қандай?


Еске салсақ, көлік салығы міндетті болып саналады. Оны төлемеген адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Салық құнына өсімпұл қосылып, іс сотқа жетуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары