Мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету бойынша құқық берілген, бірақ 50 пайыздан аспайды.
Мемлекет басшысы салық кодексіне өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойды. Осы заң шеңберінде бөлшек салық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті түрде енгізілді және тұрақты негізде әрекет ететін болады, деп хабарлайды atameken.kz сайты.
Арнайы салық режимін жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылға 2,1 млрд теңгені (600 мың АЕК) құрайтын кәсіпкерлер қолдана алады. Бөлшек салық жеке тұлғаларға сатылған кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8% мөлшерлемеде төленетін болады. Бұл ретте мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету бойынша құқық берілген, бірақ 50 пайыздан аспайды.
Сондай-ақ, бөлшек салықты қолданатын кәсіпкерлер қызметкерлердің кірісінен бірыңғай төлем төлей алады.
Оқи отырыңыз: Пәтер сатқанда қалай салық төлемеуге болады? 5 сұраққа жауап
"Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, бөлшек салықты тұрақты енгізуді шағын және орта бизнес өкілдерінің көпшілігі күткен.
"Бүгін бізбен бірге мыңдаған кәсіпкер қуанып жатыр деп ойлаймын. Өйткені олар алынған табысқа қарамастан ҚҚС бойынша есепке тұрмайды. Бөлшек салық ҚҚС шегі бойынша проблеманы шешті. ҚҚС шегіне байланысты мыңдаған кәсіпкер 20 мың АЕК-тен аспау үшін "сұр аймаққа" кетуге мәжбүр болды. Енді бөлшек салықты қолдана алатын қызмет түрлерінің тізімін жасау қалды. Ұлттық палата ретінде біз бұл тізімге мүмкіндігінше көп қызмет түрін енгізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", – деді Райымбек Баталов.
Еске салсақ, Қазақстанда бөлшек салық COVID-19 пандемиясы кезінде уақытша қолданысқа енгізілді. Содан кейін микро және шағын бизнесті қолдау мақсатында 114 қызмет түрі бойынша 3% мөлшерлемемен бөлшек салықтың арнайы салық режимі енгізілді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
387
-
0
-
0
-
-
2🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
416
-
0
-
2
-
-
3📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
334
-
0
-
0
-
-
4🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
310
-
0
-
0
-
-
5💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
284
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
271
-
0
-
0
-
-
7🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
253
-
0
-
0
-
-
8☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
264
-
0
-
0
-
-
9👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
214
-
0
-
0
-
-
10🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
207
-
1
-
2
-