Тікелей эфир

"Қазақстан халқына" қоры 850 білім беру грантын бөлді. Оны кімдер ала алады?

Грант иесіне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді.

2023-2024 оқу жылында әҚазақстан халқынаә қоғамдық қоры әҚазақстан халқынаә ҚҚ Білім беру гранттарыә қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламалары бойынша талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарында (ЖЖОКБҰ) күндізгі оқуға 850 білім беру грантын бөлді. Бұл туралы қордың ресми сайты хабарлады. 

Білім беру грантын іҚазақстан Республикасының мынадай азаматтары ала алады:

1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;

2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) мүгедектігі бар азаматтар;

4) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

5) 2022 жылғы қайғылы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

6) 2022 жылғы қайғылы Қаңтар оқиғасы кезінде жараланған балалар;

7) төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы – толық 29 жас.

"Білім беру гранттары байқауына қатысу үшін құжаттар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына тапсырылады. Білім беру гранты тағайындалатын үміткерлердің тізімін ЖЖОКБҰ ағымдағы күнтізбелік жылы ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша оқуға түсу үшін қажетті өту балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатарынан қалыптастырады. Грант тағайындалатын талапкерлердің тізімін Қор Басқармасы бекітеді. Бұл ретте Қор үміткердің бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне ғана қарайды", – делінген хабарламада. 

Қордың хабарлауынша, білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) төленеді.

Білім беру гранты – бір рет ұсынылатын атаулы грант. Екінші жоғары білім алуға білім беру грантын алуға жол берілмейді. Білім беру гранты өз қалауы бойынша және үлгерімінің төмен болуына байланысты оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ студент оқудың екінші жылына қалдырылған және білім беру гранты иеленушісінің бағдарлама қатысушы екенін растайтын күмәнді ақпарат және/немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда тоқтатылады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары