Тікелей эфир

2023-2024 оқу жылына 88 мыңнан астам оқу гранты бөлінді

Гранттардың басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мамандарын дайындауға арналған.

2023-2024 оқу жылында 88 204 студент мемлекеттік грант бойынша білім алады. Грант саны биылғы оқу жылына бөлінген мөлшерден 19 пайыз немесе 16 500 грантқа артық. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 73 061 грантты құраған болатын. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің құжатынан белгілі болды.

Құжатта соңғы 5 жылда грант саны 50%-дан астам артқаны жазылған:

  • 2019 жылы – 51 023 грант;
  • 2020 жылы – 51 056 грант;
  • 2021 жылы – 56 561 грант.

Оқи отырыңыз: Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ базасындағы сұрақтарды жаңартты


2023-2024 оқу жылына бакалавриат бойынша мемлекеттік білім гранттары келесі мөлшерде бөлінді:

  • педагогикалық ғылымдар – 15 273 грант;
  • өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 615 грант;
  • әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 960 грант;
  • Бизнес, басқару және құқық – 1 223 грант;
  • жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 6 988 грант;
  •  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 12 587 грант;
  • инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 22 728 грант;
  • ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 195 грант,
  • қызметтер – 2 200;
  • Ветеринария – 925.

Бұлардан бөлек, шетел азаматтарын халықаралық келісімдер бойынша оқытуға және қазақстандық студенттерді шетелдік университеттерді оқытуға арналған гранттар бар.

Серіктестер жаңалықтары