Ұшақ қайтарда Украинадан Польшаға келген қазақстандықтарды елге алып келеді.
2022 жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасы Алматы қаласынан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жіберді, деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігі.
Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды.
"Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды", – делінген хабарламада.
Қайтар жолда жүкті жеткізген "Бүркіт" мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген ондаған ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін алып келеді деп жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз: Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматының біреуі табылды
-
339
-
0
-
0
-
-
2Қаңтар оқиғасынан кейін халықаралық іздеу салынған Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды
-
323
-
0
-
0
-
-
3Түркиядан Қазақстан азаматтарының екінші тобы оралды
-
305
-
0
-
4
-
-
4🇰🇿🇹🇷Эксподағы Нұр-Әлем шарында Түркия байрағы бейнеленді
-
297
-
1
-
7
-
-
5💰 Жастарға арналған 2,5% несие бағдарламасы наурызда басталады
-
265
-
0
-
2
-
-
6⚡️Бекзат Жүсіпов «Qazcontent» АҚ төрағасы болып тағайындалды
-
232
-
0
-
3
-
-
7💰Үкімет қаулысы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
-
234
-
0
-
3
-
-
8⚡️Қазақстанда «Жастар еңбек жасақтары» құрылады
-
225
-
0
-
3
-
-
9Қазақстан құтқарушылары Газиантеп қаласындағы үйінді астынан 3 адамды құтқарды
-
219
-
0
-
4
-
-
10Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады
-
218
-
0
-
1
-