Ұлттық тестілеу орталығының басшысы қаңтар ҰБТ-сына қатысты сауалдарға жауап берді.
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысуға Қазақстан бойынша 104 мыңға жуық өтінім берілген. Оның ішінде 95 пайызы – биылғы жылғы мектеп түлектері, қалған 5 пайызы ЖОО-ға шартты негізде қабылданған 1-курс студенттері, деп мәлімдеді "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Руслан Емелбаев.
Руслан Емелбаевтың айтуынша, қаңтар ҰБТ-сы Қазақстан бойынша 42 тестілеу пунктінде өтіп жатыр. Олар тек 50 пайыз толымдылықпен жұмыс істейді. Тестілеу орталықтарындағы санитарлық нормалар сақталған. Тест тапсырушыларға су және маска беріледі. Тестілеу орталығының басшысы сұрақтардың сапасын дамыту жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
"Кеше тест тапсырған талапкерлеріміз байқағандай, Қазақстан тарихы пәніне мәтін түріндегі сұрақтарын енгіздік. Басқа пәндерде де енгізіліп жатыр. Жаздағы негізгі ҰБТ-да басқа база, қаңтар мен наурыздағы тестте басқа база болады деген нәрсе жоқ. Біздің басты ұстанымымыз – балаларды жаттауға негізделген сұрақтарды арылту. Неігзгі бағытымыз – балалардың білімін өлшеу. Қазан айына ҰТО ресми сайтында 2022 жылғы тест тапсырмаларының базасы құрастырылған оқулықтардың тізімін жарияладық", – деді Руслан Емелбаев.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-ға дайындалуға арналған 10 онлайн платформа
Сонымен қатар, ол биылғы ҰБТ-ның басты ерекшеліктеріне тоқталды.
"Тестілеу "1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші" қағидаты бойынша жүргізіледі. Негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера орнатылады. Ол талапкердің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруін болдырмауға мүмкіндік береді", – деді Руслан Емелбаев.
Сонымен қатар, биыл ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерге қосымша 40 минут уақыт беріледі. Яғни, олар ҰБТ-ны 4 сағат 40 минут ішінде тапсыра алады. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілген. Мысалы, көру қабіеті төмен оқушыларға суретсіз, сызбасыз және диаграммасыз тест нұсқалары құрастырылған.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтары. Қашан және қалай қатысуға болады?
Руслан Емелбаев тестілеу әділ жүруі үшін екі практоринг жүйесі де жұмыс істейтінін еске салды. Олардың бірі – онлайн бақылау. Яғни, ахуал орталығындағы мамандары тест тапсыру кезінде талапкерлерді қадағалап отырады. Екіншісі – постфактум, яғни тест аяқталғаннан кейін тестілеу кезіндегі видеоларды жасанды интеллект арқылы тексеру. Оның нәтижесіне қарай, тестілеу барысында тәртіп бұзған талапкердің нәтижесі жойылады.
"Электронды форматқа өткеннен бастап жыл сайын ҰБТ барысында ереже бұзу, оның ішінде көшіру азайып келеді", – дейді Руслан Емелбаев.
Сондай-ақ, ҰБТ форматында ешқандай өзгеріс жоқ екенін ескертті:
- сұрақтар саны – 120;
- жоғары шекті балл – 140 балл.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
195
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
180
-
0
-
3
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
170
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
166
-
0
-
3
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
141
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
132
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
117
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
72
-
0
-
0
-