Тікелей эфир

ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтары. Қашан және қалай қатысуға болады?

Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез келген уақытта көре алауы үшін сақталады.

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі. 

Онлайн сабақтар ірі республикалық білім беру орталықтарымен бірлесіп әзірленді. Сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез келген уақытта көре алауы үшін сақталады.


Оқи отырыңыз: ҰБТ-ға дайындалуға арналған 10 онлайн платформа


"Министрлік тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп екінші жыл өткізіп отыр. Өткен жылы 376 сағат онлайн сабақтар өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірінің мектеп түлектері қатысты. Олар қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, математика, химия, биология, физика, география және басқа да пәндер бойынша дайындықтан өтті. Биыл өткен жылмен салыстырғанда түлектерді қабылдау емтихандарына дайындауға қатысып жатқан білім беру орталықтары мен онлайн-платформалар саны артты. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді", — деді БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. 

Осылайша, ұлттық тестілеу орталығы мен ірі білім беру орталықтары түлектерге емтиханға сәтті дайындалуға көмектеседі. Талапкерлерге арналған онлайн-сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады. 


Оқи отырыңыз: ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің 7 жолы қандай?


Тегін онлайн сабақтар мына кесте бойынша өткізіледі: 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары